«Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты іске асырылатынын хабардар етеді (Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты).

Құрметті ана-аналар!

 Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі мемлекеттік білім беру ұйымдарында «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты іске асырылатынын хабардар етеді (Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына сәйкес, тегін тамақ  мемлекеттік білім беру мекемелерінің келесі санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілеріне:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;

3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;

4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі — білім алушылар мен тәрбиеленушілер)беріледі.

Осы мемлекеттік қызметті алушы болу үшін,білім бөліміне мынадай құжаттар топтамасымен жүгіну керек:

1) мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжатты (сәйкестендіру үшін талап етіледі);

3) егер туылған 2007 жылғы 13 тамызға дейін туыған немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде туған болса  баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (сәйкестендіру үшін талап етіледі);

4) некені қию немесе бұзу туралы куәлік көшірмесі (некеге 2008 жылға дейін қию немесе некені бұзу немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс);

5) көрсетілген санаттағы тұлғалар үшін өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама;

6) алған табыстары туралы құжаттарды (көрсетілген санаттағы тұлғалар үшін алынған табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе олардың орнындағы адамдардың жалақысын, кәсіпкерлік және өзге де қызмет түрлерінен түсетін табыс, балаларға және асырауындағы өзге де адамдарға алименттер түріндегі табыс);

7) көрсетілген санаттағы адамдар үшін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;

8) қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру,сонымен өатар басқа да қажетті құжаттардың негізінде жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санатына тегін және жеңілдікпен тамақтандырудыұсыну туралы білім беру ұйымдарының   алқалы органдары шешімінің көшірмесі.

Сондай-ақ, электрондық үкімет порталы арқылы өтініш беруге болады